Қазақстан Республикасының
Ұлттық Мемлекеттік Кітап палатасы
"Атакент" Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығы
"Атакент-Экспо"халықаралық көрме компаниясы
Қазақстанның баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығы
Қазақстан Республикасының Кітап ісінің ақпараттық жүйесі
"Bookfund.kz"
22-24 қараша 2023
"ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫМЕН-2023" XI - ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП ЖӘНЕ ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ КӨРМЕСІ
Жәрменке туралы

23-25 қараша 2022
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы., "Атакент", 10 павильон

2022 жылдың 23-25 қараша аралығында

Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, "Атакент-Экспо" көрме компаниясымен, Қазақстанның баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығымен және "Қазақстан Республикасының Кітап ісінің ақпараттық жүйесі "Bookfund.kz" жобасымен бірлесіп Ұлы Жібек жолы бойымен" атты X - Қазақстандық халықаралық кітап және полиграфиялық көрмесін өткізеді.

Ұйымдастырушылар:

- Қазақстан Республикасының  Ұлттық Мемлекеттік Кітап палатасы

- "Атакент-Экспо" халықаралық көрме компаниясы

- Қазақстанның баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығы

- Қазақстан Республикасының Кітап ісінің ақпараттық жүйесі "Bookfund.kz"


Ресми қолдау:

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

- Алматы қаласының әкімдігі


Көрменің негізгі бөлімдері:

- баспа өнімдері: кітаптар, журналдар, газеттер, плакаттар, ашық хаттар;
- аудио -, бейне -, электрондық кітаптар;
- кітап дүкендері;
- полиграфиялық жабдықтар мен материалдар;
- полиграфиялық қызметтер;
- баспаханаларға арналған жаңа технологиялар мен шығын материалдары;
- кеңсе тауарлары;
- кітапханалар, мұрағаттар;
- әдеби агенттіктер;
- және  т.б

Көрменің мақсаты:
* әр түрлі елдердің баспагерлері мен полиграфистері арасындағы интеграциялық, мәдени және іскерлік байланыстарды нығайту;
* тәжірибе алмасуды жандандыру, кітап өндірісіне, полиграфияға және кітап саудасына жаңа технологияларды енгізуді жеделдету;
* қазіргі заманғы қазақстандық кітапты көпшілікке таратуға және отандық кітап шығару саласын нығайтуға, баспа ісі субъектілері арасында тәжірибені таратуға, отандық кітап нарығындағы ұлттық өндірушінің ұстанымын нығайтуға жәрдемдесу;
* әлеуетті сатып алушыларға Қазақстанның кітап өнімдерінің заманауи сұрыпталымын ұсыну.

Алдыңғы көрме туралы қысқаша ақпарат:
Өзінің көп жылдық тарихында "Ұлы Жібек жолы " көрмесі еліміздің ұлттық кітап басып шығару және полиграфиялық кешені үшін дәстүрлі мерекеге айналды және Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызды оқиға болып табылады.
Алдыңғы өткен көрменің жұмысына әлемнің 12 елінен 110-нан астам баспалар, кітап саудасы және полиграфиялық компаниялар қатысты, оның ішінде: Қазақстан, Армения, Германия, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Қытай, Беларусь Республикасы, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Украина.
Іс-шара аясында Қазақстан баспагерлері, полиграфистері және кітап таратушылары қауымдастығының, ұлттық кітапхананың қатысуымен конференциялар, семинарлар мен тұсаукесерлер өткізілді

Қазақстан мемлекеттік кітап палатасынан, Тәуелсіз Мемлекеттер кітап шығарушылар қауымдастығынан, сондай-ақ саланың жетекші мамандарынан, Қазақстан мен Ресейдің танымал жазушылары мен ақындарынан құралған.

"Ұлы Жібек жолы бойынша" кітап және полиграфиялық көрме – бұл өз өнімдері мен қызметтерін ұсынудың, сатып алушылардың ағымдағы сұраныстары туралы білудің, бәсекелестердің іскерлік белсенділігін зерттеудің, мамандар мен оқырмандардың кең аудиториясымен тікелей кездесудің, берік іскерлік қарым-қатынас орнатудың бірегей мүмкіндігі!

Ұйымдастырушылар Сіздерді "Ұлы Жібек жолы – 2022" X Қазақстандық халықаралық кітап және полиграфиялық көрмеге қатысуға шақырады!

Жүктеу КОНТРАКТ-ЗАЯВКА (RUR)
Жүктеу КОНТАКТ-ЗАЯВКА (KZT)


Байланыстар:

Гүлнар Ташмұратова, жоба менеджері
"Атакент-Экспо"ВАК
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42
Тел.: +7 (727) 2750911, 2751357
Ұялы тел.: +7 701 269-73-15
Факс: +7 (727) 2750838
E-mail: atakent.expo@mail.ru
www.almatybookfair.kz, www.atakentexpo.kz

Латипова Гүлшат Алғабекқызы
Қазақстанның баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығы
Тел.: +7 (727) 397-61-19
Ұялы тел.: +7 701 788-15-12
www.almatybookfair.kz, www.atakentexpo.kz
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Пушкин к-сі 2

Кызбаева Ақмарал Балташқызы
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
Тел: +7 (727) 397-61-15
E-mail: info @kitap-palatasy.kz
www.almatybookfair.kz, www.atakentexpo.kz
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Пушкин к-сі 2

Павильон схемасы